Науаи облысында Өзбекстандағы бірінші күн фотоэлектр станциясы іске қосылды

    Билік 27 Avgust 2021 5917

    27 тамызда Президент Шавкат Мирзияев Науаи облысының Кармана ауданына жұмыс сапарымен барды. Мұнда 110 млн долларды құрайтын Өзбекстандағы алғашқы ірі күн фотоэлектр зауыты іске қосылды.

    Өзбекстанда «жасыл энергияға» көшу, баламалы энергия көздерін қолдана отырып халық пен экономиканың, электр энергияға болған қажеттілігін қанағаттандыру бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

    Атап айтқанда, осы жылдың 1 маусымында мемлекет басшысына Сұрхандаря облысы Шерабад ауданында қуаты 457 мегаватт болатын күн фотоэлектр станциясының іргетасына капсула салған еді. Сонымен қатар, Самарқанд облысында осындай үлкен станцияның құрылысы жүріп жатыр.

    Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Кармана ауданында салынған заманауи күн фотоэлектр станциясы Жаңа Өзбекстанның энергетикалық жүйесіндегі алғашқы үлкен қадам болды.

    Жалпы құны 110 миллион долларды құрайтын станцияның қуаты 100 мегаватт. 2019 жылы оны құруға әлеуетті компаниялар арасында конкурс жарияланған болып, онда БАӘ-нің «Abu Dhabi Future Energy Company - Masdar» компаниясы ең арзан тарифті ұсынды (-1 киловатт/сағаты 2,679 цент) және жеңімпаз болды.

    Мұнда жылына 252 миллион киловатт/сағат электр энергиясы өндіріледі. Нәтижесінде 80 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді және атмосфераға 160 мың тонна парниктік газдардың шығуына жол берілмейді.

    Өзбекстандағы алғашқы күн электр станциясы аймақтағы 30 мыңнан астам үйді электр қуатымен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие.

    Мамандардың айтуынша, Өзбекстан күн электр станцияларын салу арқылы жалпы 600 миллиард киловатт/сағат электр энергиясын өндіруге мүмкіндігі бар. Бұл қазіргі кездегі республикадағы жалпы энергия қажеттілігінен 8 есе көп энергия өндіруге болатынын білдіреді.

    Өзбекстанда 2030 жылға қарай шетелдік инвестициялар есебінен күн электр станцияларының қуатын кем дегенде 5 мың мегаваттқа, ал жел электр станцияларының қуатын 3 мың мегаваттқа жеткізу көзделген.

    Осынай салтанатты ашылу салтанатына жиналған жұрт алдында Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындарды құттықтай тұрып: - Дәл осы станция арқылы біз осы салада қойылған мақсаттарға жетуге болатынын көрдік. Енді осындай арзан, бәсекеге қабілетті және экологиялық таза электр стансаларының санын көбейту қажет, - деді.

    Мамлакатимиз хорижий инвестициялар ҳисобига 2030 йилгача қуёш электр станциялари қувватини камида 5 минг, шамол электр станциялари бўйича эса 3 минг мегаваттга етказишни мақсад қилган.

    Алдағы екі жылда Бұхара, Жызақ, Наманган, Самарқанд, Хорезм, Сұрхандария мен Қашқадарияда жалпы қуаты 2,1 мың мегаватт болатын 9 күн электр станциясы, Қарақалпақстан республикасы, Бұхара және Науаи облыстарында жалпы қуаты 1,6 мың мегаватт болатын 4 жел электр стансасы пайдалануға беріледі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates