Өзбекстанда шафран кептіретін және қайта өңдейтін кәсіпорын ашылады

    Ертең Жызақ облысының Бахмал ауданында орналасқан шафран плантацияларын кеңейту, кептіру және қайта өңдеу жобасының ашылу салтанаты өткізіледі.

    Соңғы жылдары Өзбекстанда да жоғары сапалы шафран өсіруде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, бүгінде Жызақ облысы аумағындағы шафран плантацияларында негізінен 15-тен астам өнім шығарылады.

    Бұл жобаның жалпы құны 103 миллион еуро болып, 80 миллион еуро шетелдік инвестициялар, 13 миллион еуро «Ўзсаноатқурилишбанк» несие ресурстары және 10 миллион еуро өз қаржысы есептеледі.

    Холдинг Италияның «FIN.OPERA SRL» компаниясымен ынтымақтастықта «BMB-OPERA ZAFFERANO» кәсіпорнымен бірлесіп құрылды, жалпы есепте 80 миллион еуро мөлшердегі инвестициядан бүгінгі күнге дейін 60,8 миллион еуро мөлшеріндегі инвестиция игерілді, шамамен 120 тұрақты және 25 мың маусымдық жұмыс орны ашылды. Бүгінде шафран плантацияларының жалпы көлемі 700 гектарды құрайды.

    Статистикаға көз жүгіртсек, шафран өнімдері 2021 жылы 1,2 миллион еуро, 2022 жылы 2,7 миллион еуро, 2023 жылы 4,5 миллион еуроға экспортталған.

    Control Union Certifications (Нидерландия) ұйымының мамандары тарапынан шафран плантациясындағы өнімді егу, өсіру, агротехникалық шараларды жүргізу, жинау, қайта өңдеу, сақтау және қораптау үдерісін толық зерттеп, BMB Zafaron компаниясына USDA ORGANIC сертификаты ұсынылды.

    USDA organic — бұл АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан әзірлеген экологиялық сертификат. Сертификаттауды тек білікті және өкілетті USDA organic қызметкерлері жүзеге асырады. USDA немесе Ұлттық органикалық стандарт ел азаматтарын сауатты және табиғи органикалық өнімдерді тұтынуға өткізу үшін сирек кездесетін ұлттық бағдарламаның бір бөлігі ретінде қабылданған. Бүгінгі күні USDA organic деп белгіленген өнімдер кем дегенде 95 пайыз экологиялық таза табиғи ингредиенттерді қамтуы кепілденеді.

    Оның үстіне, бірнеше жыл бойы жүргізілген терең және аналитикалық зерттеулерден кейін Өзбекстан мен Қытайдың кеңсеаралық комиссиясының қорытындысына сәйкес, өзбек шафраны Қытайға экспорттауға тиісті рұқсат алынды. Осы арқылы әлемдегі ең үлкен базары да өзбектің «қызыл алтынына» өз есігін айқара ашты.

    Сондай-ақ Италияның Милан қаласында «BMB Spices & Herbs» Италия-Өзбекстан біріккен кәсіпорны құрылып, өзбек шафраны Еуропа базарларына «ORO ROSSO Milano» брендімен экспортталуда.

    Тағы бір назар аударарлық жайт, AgroNanoGel Basic гидрогель өнімі поляк мамандарымен бірлесіп шафран алқаптарында сынақ ретінде қолданылған. Гидрогель - өсімдіктерге арналған су қоры. Оны пайдалану барлық вегетациялық кезеңде өсімдіктер үшін оңтайлы су жағдайларын қамтамасыз етеді.

    Мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылығына гидрогельді қолданылуы 40-45 пайызға дейін суды үнемдеу мүмкіндігін береді. Бұл өнім сынақтың аяқталуына орай, бұқараландырылады, сонымен қатар шафран және басқа түрдегі ауыл шаруашылығы егіндерінде су деңгейін айтарықтай дәрежеде азайтады, деп хабарлайды «Дунё» АА.