Өзбекстанда заманалық технологиялар негізінде ұшқышсыз ұшатын аппараттар шығарылуда

    Әскери шекара 18 Yanvar 2022 3798

    Қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттік комитетінің қарамағында Ұшқышсыз авиация кешендерінің ғылыми-өндірістік орталығы құрылды. Аталмыш орталық халықаралық техникалық талаптар мен стандарттарға толық жауап беретін «ЛОЧИН» ұшқышсыз ұшатын аппараттарды шығаруды жолға қойды.

    Айта кету керек, екі түрлі мақсатта пайдалануға арналған бұл ұлттық жоба Орталық Азияда алғаш рет Өзбекстанда әзірленіп, іске қосылды.

    Орталық ұшқышсыз авиация кешендерін жасауға, құрастыруға, жөндеуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге үшін қажетті жинақтау жиынтықтары, технологиялық және арнайы қондырғылар, тексеру (сынақ зертханасы) жабдықтары сияқты технологиялық қондырғылармен толық жабдықталған. Қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттік комитеті тарапынан Орталықта жас кадрларды дайындау, қайта дайындау, жетекші шет мемлекеттерде стажировкасын ұйымдастыру және біліктілігін арттыруы арқылы ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы мамандармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

    Ұлттық брендпен жасалған ұшақ және квадрокоптер түріндегі “ЛОЧИН” ұшқышсыз ұшатын аппарат бірқанша мақсаттарда пайдалануға арналған болып, барлау, соққы беру, нақты уақыт режімін бақылау, мәлімет алу, артиллерия от ашу үдерісін басқару сияқты міндеттерді орындаумен қатар ауыл шаруашылығы, мұнай және газ, орман шаруашылығы, теміржол, геология, іздеу салаларында картография, топогеодезия, дақылдарды дефолиациялау, қорықтар, жолдар, әлеуметтік инфрақұрылым мен маңызды нысандарды бақылау және басқа да мақсаттарда пайдалану мүмкіндігін береді.

    Орталық стратегиялық деңгейде қолданылатын авияция кешендері өндірісін ұйымдастыру, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын инновациялық дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық істерді қалыптастыру саласында болашағы зор жобалар жүзеге асырылуда.

    Қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттік комитетінің Баспасөз қызметі.