Өзбекстандық құтқарушылар Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын қалпына келтіруге белсенді түрде көмектесуде

    Нақты 7 Fevral 2023 3419

    Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдар қаза тапты, баспанасыз қалды және жараланғандар саны артуда.

    «Досы қиын күнде белгілі» дегендей, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев алғашқылардың бірі болып Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, көңіл айтты.

    Бауырлас Түркия халқына жер сілкінісі салдарына көмектесу мақсатында, бүгін Өзбекстаннан екі ұшақ Адана мен Газиантеп қалаларына гумантарлық көмек және құтқарушылар тобы барды. Этникалық өзбектер көп жасайтын аумақта құтқарушыларымыз өз жұмыстарын бастап кетті, келген гуманитарлық жүк мұқтаж жандарға жеткізілуде.

    Түркияның оңтүстік облыстарында өзбектер көп тұратын махаллалар мен ауылдар бар. Жер сілкінісі олар тұратын аумақтарға жақын жерлерде болған. Атап айтқанда, 15 мыңнан астам өзбек тұратын Хатай облысындағы Овакент (Ovakent) ауылы ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі. Түркия билігімен қол жеткізілген келісім бойынша бұл аймаққа Өзбекстаннан барған 100-ге жуық құтқарушы дәл қазір іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

    Адана қаласында орналасқан өзбектер бірлестігінің басшысы Усман Бек Өзбекстанның көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ былай деді:

    – Ең алдымен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевқа және бүкіл Өзбекстан халқына мың алғыс! Қиын күнімізде олар бізді жалғыз қалдырған жоқ. Олар бізге гуманитарлық көмек пен құтқарушылар тобын жіберді. Құтқарушылар ауыр халде жатқан адамдарға жақыннан көмек көрсетуде. Гуманитарлық көмек те қысқа мерзімде иелеріне жеткізіледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates