Бүгінде елімізде Корея Республикасының Ульсан қаласының әкімдігі мен әлемге әйгілі “Hyundai” корпорациясының өкілдерінен құралған делегация қонақта.

Олар соңғы 3-4 күнде Ташкент, Ферғана, Самарқант қалаларындағы Кәсіп-өнерге оқыту орталықтарының қызметімен танысты. Бүгін Миграция агенттігінің басшылығымен өткен кездесуде алдағы жоспарлар талқыланды.

Қолданыстағы келісімдерге сәйкес, «Hyundai» корпорациясы 2025 жылы елімізде «Кәсіп-өнерге оқыту орталығын» ашады. Мұнда тіл мен жоғары технология негізінде Корея стандарты бойынша кәсіпке баулиды.

 «Бастапқы кезеңде Өзбекстаннан 350 жұмысшы  күшін тартамыз», - деді Ульсан қаласы әкімінің орынбасары Song Yeon Ju.

Кездесуде Ульсанда шетелдік жұмысшыларға сұраныс жоғары екені айтылды. «Hyundai» кеме жасау компаниясы өндіріс пен қызмет көрсету бағытында әлемде жетекші орында тұр. 2500-ден астам кемеге қызмет көрсетеді. 2027 жылға тапсырыстар да қалыптастырылған. Сұраныс бойынша 5000-ға жуық шетелдік жұмысшы жұмыс істейді.

 «Өзбекстаннан жұмысшыларды тартуымызға себеп болатын факторлардың бірі – өзбек жастарының еңбексүйгіштігі, жаңалықтарды тез меңгеруі және айналадағылармен тез тіл табысу дағдылары жоғары екенімен ажыралады», - дейді “Hyundai Heavy Industries” компаниясының вице-президенті Kim Seong Hoon.

Диалогта 2025 жылдың февраль айынан бастап «Hyundai» мақсатты оқыту істерін бастаға келісілді. Оған дейін Кореядан тәжірибелі кадрлар, Корея технологиялары бойынша оқыту бағдарламалары, құрал-жабдықтар әкелінетін болады.

Кездесуге Корея Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Von Do Yon да қатысты.