Өзбекстан азаматтары бірнеше елге визасыз бара алады. Бұл туралы Uzbekistan Airports хабарлады.
Оның айтуынша:
- Әзірбайжан – 90 күнге дейін;
- Антигуа мен Барбуда - 180 күнге дейін;
- Армения – 180;
- Барбадос – 28 күнге дейін;
- Гаити – 90 күнге дейін;
- Грузия – 360 күнге дейін;
- Доминика - 21 күнге дейін;
- Индонезия – 30 күнге дейін;
- Қазақстан – 30 күнге дейін;
- Қырғызстан – 60 күнге дейін;
- Малайзия – 30 күнге дейін;
- Молдова – 90 күнге дейін;
- Намибия – 90 күнге дейін;
- Сант-Винсент және Гренадин аралдары – 30 күнге дейін;
- Тәжікстан – 30 күнге дейін;
- Түркия – 30 күнге дейін;
- Филиппин – 30 күнге дейін.
Сонымен қатар, Беларусь, Ниуэ, Кук аралдары, Ресей және Украинаға виза мүлдем қажет емес.
Сондай-ақ, 33 мемлекет виза рәсімдерін жеңілдеткен.