Елімізде ноябрь айында өтетін «Қарттар туризм айлығына» байланысты жеңілдіктер белгіленді

    Елімізде ноябрь айында «Қарттар туризмі айлығына» байланысты қарттарымыздың бос уақытын қызықты да мазмұнды ұйымдастыру, оларды ішкі туризмге тарту мақсатында бірқатар жеңілдіктер енгізілді. Оның ішінде:

    • Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері ноябрьайы барысында республикадағы 179 қонақүйлер мен хостелдер (тізім) қызметтеріне 2-33%-ға дейін және 78 жалпы тамақтану орындарының қызметтеріне (тізімі) 5-20%-ға дейін ерікті жеңілдіктер енгізілді.
    • Ноябрь айы ішінде қариялардың жергілікті бағфттары бойлап саяхаттауға «Uzbekistan Airways» АҚ республикадағы бағыттарға еркін сатуда бар болған барлық санаттағы эконом-класс (LPR3M, UPR3M, SPR3M, OPR3M қоспағанда) кластағы тарифтерден 15% жеңілдік беретіні хабарланды. Бұл жеңілдік Өзбекстан Республикасының азаматтарына 60 жастан асқан ерлер мен 55 жастан асқан әйелдерге ұсынылады.

    «Өзбекстан темір жолдары» АҚ нұрани қарттарға (Өзбекстан Республикасының азаматтары 55 жастан жоғары және 60 жастан жоғары ерлерге) 1-30 ноябрь күндері барлық жергілікті пойыздарға («Афросияб» жүрдек пойызынан басқа) темір жол билеттерінің тариф бөлімінен 20%-ын ұсыну белгіленген. Бұл Қоғам тарапынан жеңілдік билеттерін онлайн және барлық билет кассаларында ресмилендіру мүмкін екенін хабарлады.

    • «Uzautotrans Service» ЖШҚ тарапынан айлық барысында облыстарға баруы қарттарға аумақаралық бағыттарда қатынайтын автобус (топта 51 жолаушыға дейін барып-келуі) 10 пайызға дейін жеңілдетілген негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік бар.

    Мәдени мұра агенттігі осы ай ішінде қарттардың саяхаты кезінде Агенттікке қарасты болған 114 мұражай мен галереяға (тізімге) тегін кіруді қамтамасыз етеді.

    Мәдениет министрлігі ноябрь айында Республикадағы театрларда көрсетілетін спектакльдердің репертуарларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.