Хабарландыруға орай, 2025 жылдың 1 январынан бастап Тайландтың шетелдегі 94 елшілігі мен консулдығында «e-Visa» қызметін пайдалана алады.
Электрондық виза жүйесіне сәйкес, Тайланд визасын алуға өтініш білдіргісі келетін шетелдік азамат https://thaievisa.go.th/ сайтындағы жаңа онлайн электрондық виза платформасы арқылы өтініш беруі керек.
Өтініш берушіден төлқұжаттың түп нұсқасы және растайтын құжаттарды Таиландтың дипломатиялық өкілеттіктері мен консулдық мекемелеріне жеке өзі тапсыруы талап етілмейтіні айтылған.
Электрондық визаға өтінімі мақұлданғаннан кейін, өтініш берушіге растайтын электрондық поштасы жіберіледі. Өтініш берушіден ұшу портындағы авиакомпанияға және Таиландтағы иммиграция қызметі қызметкерлеріне ұсыну үшін растайтын электрондық поштасының көшірмесін басып шығару сұралады.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, 2024 жылдың 15 июлінен бастап Өзбекстан азаматтары Таиландқа саяхат үшін 60 күнге дейін визасыз бара алады. Электрондық виза жүйесінде азаматтарға туристік, іскерлік, отбасылық және басқа да виза түрлері 90 күн мерзімге беріледі, деп хабарлайды «Дунё» АА.