Өзбекстан мен Албания арасында Дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз режим орнатылады

    Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Нью-Йорк қаласында Албания Еуропа және сыртқы істер министрі Игли Хасанимен кездесті.

    “Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Игли Хасани мырзамен біргелікте дипломатиялық төлқұжат иелері үшін визасыз тәртіп туралы келісімге қол қойдық», - деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-каналында. – Біз Өзбекстан мен Албания арасындағы екіжақты қарым-қатынасты жандандырып, іс жүзіндік қадамдар жасауға дайынбыз. Кездесу барысында өзара қарым-қатынасымызды, әсіресе, экономикалық бағытты дамытуға бағытталған маңызды ұсыныспен кең пікір алмасылды”

    Ескерте кетейік, Өзбекстан мен Албания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы 23 ноябрьде орнатылған, деп хабарлайды «Дунё» АА.