Бұл туралы полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметтерге орай, DHC-6-400 Twin Otter ұшағы жоспарланған парашютпен секіру жаттығуларының алдында сынақ ұшуын орындаған. Ұшақ Хуа Хин ауданынан жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00 шамасында ұшқан, бірақ көп ұзамай Хуа Хин әуежайының маңында теңізге құлады.

Борттағы алты полиция қызметкерінің барлығы қаза тапты. Оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды aa.com.tr.