Reuters агенттігінің мәліметінше, оқиға Бангкок маңындағы Самут-Сакон облысында болған. Кран жол өткеліне құлап, екі көлік құралын басып қалған.
Транспорт министрі Пхипхат Ратчакитпракарн екі адамның қаза тапқанын растады және оқиға орнындағы жағдай әлі де қауіпті екенін атап өтті. Оның айтуынша, үйінділер астында адамдар қалуы мүмкін.
«Қайта құлау қаупі бар ма, жоқ па – айта алмаймыз», – деді министр ілініп тұрған болат конструкцияларға қарап. «Сондықтан оқиға орнында құтқарушылар жоқ, тек қауіпсіздікті бағалайтын топтар жұмыс істеуде», – деп қосты ол.
Кеше Таиландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны жолаушылар пойызына құлап, салдарынан 32 адам қаза тапқан еді, деп хабарлады report.az.