Өзбекстанның Нидерландиядағы елшісі етіп тағайындалған (штап-пәтері Брюссель қаласында орналасқан) Ғайрат Фазилов осы елдің Сыртқы істер министрлігінің Хаттама және қабылдаушы мемлекетпен байланыстар департаментінің директоры Хансу Акербумға сенім грамотасының көшірмесін тапсырды, деп хабарлайды "Дунё" АА.
Тараптар саяси-дипломатиялық, парламентаралық, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Өзбекстан мен Нидерландия арасында өзара қарым-қатынастардың дамып келе жатқан динамикасын ризашылыпен атап өтті.
Үстіміздегі жылдың апрель айында Ташкент қаласында екі елдің сыртқы саяси кеңселері арасында өткен саяси кеңесулердің кезектегі аясындағы қорытындылары оң бағаланып, бұл механизмді тұрақты жолға қою қажеттілігі айтылды.
Әңгімелесу барысында екіжақты және көпжақты форматтағы алдағы жоспарлар, алдағы кездесулер мен түрлі деңгейдегі іс-шаралар кестесі туралы да пікір алмасылды.
Ханс Акербум Хаттама бөлімі елшілік қызметін, соның ішінде Өзбекстан-Нидерландия диалогын нығайтуға жан-жақты көмек көрсететінін растады.