Лого Лого-пв-уз

    Өзбекстанның шалғай аумақтарына медициналық бұйымдар мен құрал-жабдықтар берілді

    Денсаулық 25 Fevral 2022 635

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы мен «Тараққиет» орталығы Еуропа Одағының қаржылық көмегімен «Өзбекстанның шалғай ауылдық жерлеріндегі пандемия жағдайында шешімдерді қабылдауда мұқтаж тұрғындар бөлігінің қатысуын арттыру» атты жобасын жүзеге асыруда.

    Жоба аясында Самарқант, Қашқадария және Әндіжан облыстарының шалғай аудандарында орналасқан  ауылдық дәрігерлік пункттерді, жанұялық дәрігерлік пункттерін медициналық  жиһаздармен және COVID-19-ға қарсы  арнайы жинақтармен қамтамасыз ету көзделген.

    Ағымдағы жылғы 25 февральда Ташкент қаласында Өзбекстанның 6 ауданына медициналық бұйымдар мен құрал-жабдықтарды жөнелту рәсімі өтті. Оған «Юксалиш» ЖҰҚ өкілдері, ЕО-ның Өзбекстандағы делегациясының басшылығы, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі және БАҚ өкілдері қатысты.

    Атап өткендей, коронавирус пандемиясы халықтың осал топтарын назардан тыс қалдырған жоқ. Енгізілген карантиндік шаралар аз қамтылған, асыраушысынан айырылған отбасылардың, қамқоршысы жоқ жалғыз басты қарттардың, науқастардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын одан әрі әлсіретіп жіберді. Үкімет мұқтаждарға қаржылық қолдау көрсету, індеттің салдарын жеңілдету бойынша іс жүзіндік шаралар қарастырды: тұрғындардың әлеуметтік қорғауға мұқтаж кейбір санаттағы азаматтарға зейнетақы тағайындалды, 400 мыңнан астам отбасына республика бюджетінен бір реттік қаржы бөлінгені бұған мысал болады.

    Еуропа Одағы Өзбекстандағы азаматтық қоғам ұйымдары арқылы COVID-19 пандемиясының әсерін азайтуға қатысты құны 1 миллион еуро көлеміндегі Бағдарламаны іске қосты. Бұл Бағдарлама аясында «Юксалиш»  жалпыұлттық қозғалысының жобасына 400 мың еуроға жуық қаржы бөлінді. Мұнымен  елдегі гуманитарлық, медициналық, әлеуметтік және экономикалық дағдарыстың салдарын жоюда үкіметке көмек көрсетуді, үдерістерге азаматтық қоғам институттарын тартуды және олардың әлеуетін арттыруды көздейді. Бағдарлама аясындағы бұл жобада шешім қабылдауға азаматтық қоғам институттары ғана емес, халықтың осал топтары да тартылған.

    Жоба аясында Пахтачи, Қушрабат, Қаршы, Шырақшы, Жалақұдық аудандарындағы және Ханабад қаласындағы медициналық мекемелерге қажеттіліктерінен келіп шығып, 35 түрдегі қажетті медциналық бұйымдар және жабдықтар (оттегі концентраторы, пульсоксиметр, тонометр, цифрлық термометр, электрокардиограф, электронды таразы, медициналық бикс, медициналық кушетка, биохимиялық микроскоф т.б. берілді).  Осы мақсатқа жалпы 280,5 миллион сум қаржы жұмсалды. Атап айтсақ, Самарқант облысына 91,6 миллион сум, Қашқадария облысына 88,6 миллион сум, Әндіжан облысына 100,3 миллион сум медициналық көмек көрсетілуде.

     Шарада «Юксалиш» ЖҰҚ-ның төрағасы Бобур Бекмуродов, Еуропа Одағының Өзбекстандағы делегациясы Ынтымақтастық бөлімінің бастығы Франсуа Бежо таңдап алған шалғай аудандарға медициналық құралдар мен жабдықтарды жеткізу туралы сертификаттарға қол қойды.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.

    No date selected
    August 2022
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates