Үстіміздегі жылдың 11-15 март күндері күтілетін қатты жаңбырға байланысты республиканың тау бөктерінде және таулы аумақтарында, соның ішінде:

Қашқадария облысы: Яккабағ, Дехқонабад, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамашы, Ғузар, Косон аудандарында;

Сурхандария облысы: Сарыасия, Ұзын, Алтынсай, Денау, Байсын, Шерабад, Шурчи, Құмқорған аудандарында;

Самарқант облысы: Үргіт, Самарқант, Бұлыңғұр, Нұрабад, Қушрабат, Каттақорған аудандарында;

Науаи облысы: Хатырчи, Наубахар, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандарында;

Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шароф Рашидов, Фарш, Янгиабад, Зафарабад аудандарында;

Ташкент облысы: Ахангаран, Бостандық, Паркент, Жоғарышыршық, Піскент аудандарында;

Наманган облысы: Поп, Косонсой, Чартак, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;

Ферғана облысы: Сох, Ферғана, Бешарық аудандарында;

Әндіжан облысы: Әндіжан, Жалалқұдық, Қорғантепа, Пахтаабад, Улуғнор аудандарын су басу қаупі бар.

Тау бөктерінде және таулы аймақтарда тұратын азаматтардан, демалушылар мен таулы аумақтарда жолаушы жүргізушілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.