Шарада Өзбекстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі Мухсинхужа Абдурахманов сөз сөйлеп, «AOIKAI Medical Corporation»мен ынтымақтастықта республикамыздың травматолог және ортопедтері Жапония медицинасының озық тәжірибесін үйрену бойынша практика ұйымдастырылғаны үлкен ерекшелік пен маңызға ие екені туралы жан-жақты тоқталды.

Салтанатты шараға қатысушылар елімізде 2022 жылдың «Адам қадірін қадірлеу және белсенді махалла жылы» деп жарияланғаны, елімізде әлеуметтік салаларға, әсіресе, денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп отырғанымен танысты.

Республикалық мамандандырылған травматология және ортопедия ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының директоры Мурод Ирисметов коронавирус пандемиясы нәтижесінде постковид ауруларды, атап айтқанда, «остеонекроз» ауруы тудыратынын айтып, бұл жөнінде жапон дәрігерлерінің нақтама қою әдістері, консервативті және хирургиялық жолмен емдеу бағыттары бойынша  практиканы өтеу және тәжірибе алмасу өзектілігі туралы пікірлермен бөлісті. Ол AOIKAI Medical Corporation-ның медициналық мекемелермен ынтымақтастық орнатуға және жапондық ортопедтермен өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. 

Өз кезегінде, «AOIKAI Medical Corporation-ның» «AOI Hachioji Hospital» құрметті басшысы Ясумаса Шираи және «Iryo Sousei» университетінің проректоры Хаджиме Сатон да сөз сөйледі. Олар өзбекстандық ортопедтері корпоративтік мекемелерде тағылымдамадан өту аясында саладағы күрделі хирургиялық операциялармен танысуға мүмкіндік алғанын айтты.

Рәсімнен кейін тәжірибешілер корпорацияның Кавасаки қаласында орналасқан «AOI Universal Hospital» ауруханасында жапондық ортопедтер тарапы жасаған тізе буынының дислокация хирургиясына арналған операцияны тікелей бақылады.

Сондай-ақ жерлестеріміз медициналық мекемедегі басқару жүйесін, заманауи зертханалар мен медициналық құрал-жабдықтардың пайдаланылуымен танысты.

«AOI Universal Hospital» директоры Ешиюки Фукукава мен Республикалық мамандандырылған травматология және ортопедия ғылыми-практикалық медициналық орталығының директоры Мурод Ирисметов арасында болып өткен кездесу аясында өзбекстандық мамандардың тағылымдамадан өту және бірлескен ғылыми жобаларды ұймдастыру туралы келіссөздер жүргізілгені сонымен бірге екі мекеме арасында жүзеге асырылуы мүмкін болған жобалар туралы өзара пікір алмасылды.

Жапонияның ең озық медициналық мекемелерінің бірі -Токиодағы «Nippon Medical School» емханасында да республикамыздың ортопедтері бір күндік тағылымдамадан өту және Жапония Сыртқы істер министрлігінде ынтымақтастық бағыттары мен болашақ жоспарларды талқылау үшін жоғары деңгейдегі кездесу өтеді, деп хабарлайды «Дунё» АА.