Өзбекстанның зиярат туристік әлеуеті Индонезияда кеңінен насихатталады

    Туризм 17 Oktabr 2022 1722

    Туризм және мәдени мұра министрлігінің Бұхара облыстық бас басқармасы және облыс әкімдігінің басшылығында құрылған делегация Индонезияда сапармен жүр. Сапардың мақсаты – киелі орындардың мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, саяхатшыларды жємылдыру, шетелдік туристік компаниялармен тиімді келісімге келу, белсенді түрде насихаттау жұмыстарын жүргізу.

    Сапар басында Бұхара облысының әкімі Ботир Зарипов әлемдегі ең ірі мұсылман ұйымы саналатын «Nadhlatul Ulamo» төрағасымен кездесуге қатысты. Кездесуде Индонезиядан Өзбекстанға туристер ағынын арттыру сынды мәселелер талқыланды.

    Сондай-ақ сұхбатта «Индонезия – Өзбекстан», «Өзбекстан – Сауд Арабиясы – Индонезия» бағыттары бойынша әуе рейстерін жолға қою, Бұхара ислам әлемі ғұламаларының қатысуымен кездесулер ұйымдастыру, Бұхарамен Бұхарилер туралы деректі фильм түсіру және оны Индонезия телеарналары арқылы тұрақты түрде беру, зиярат туризм маршруттарын Самарқанттағы Имам әл-

    Бұхари зияраты арқылы Бұхарадағы жеті пір зиярат орындарына дейінгі туристік бағыттарды анықтау, елдің қажылық-туристік әлеуетін және мәдени-тарихи мұрасын кеңінен насихаттау жөнінде пікірлер айтылды. Индонезия жұртшылығы және «Nadhlatul Ulamo» ұйымының мүшелері арасында кеңінен насихаттау бойынша ой-пікірлер білдірілді.

    Сапар аясында Индонезия Республикасы парламент Өкілдер палатасы спикерінің өнеркәсіп және даму мәселелері бойынша орынбасары Рахмат Гобельмен кездесу өтті.

    Индонезия парламентінің вице-спикері екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстары нығайып келе жатқанын атап өтті.

    « Біз Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың басшылығымен тарихи ескерткіштерді сақтау, Ислам діні мен бай мәдени мұраны зерделеу бойынша үлкен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына куәміз», - деді Гобель.

    Сонымен бірге, Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалап, Өзбекстанның халықаралық аренада алға қойған бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді.

    Кездесуде екі ел арасындағы тиімді ынтымақтастықты кеңейту мақсатында бірқатар келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates