Өз бетінше иелеп алынған жер учаскелеріне және ол жерге құрған ғимараттар мен кешендерге құқықтар мойындалады

    Сенаттың елу үшінші жалпы мәжілісінде «Өз бетінше иелеп алған жер учаскелеріне және оларда салынған ғимараттар мен құрылыстарға болған құқықтарды мойындау туралы» Заң талқыланды.

    Атап өткендей, осы Заңның мақсаты өз бетінше иелеп алған жер учаскелері және оларда құрылған ғимарат пен кешендерге болған құқықтарды мойындау саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.

    Заңмен осы жер участкасы мен оған құрған ғимаратқа болған құқықты, сондай-ақ жеке тәртіптегі тұрғын үй құрған өз бетінше иелеп алған жер учаскелеріне аренда құқығын мойындаудың нақты тәртіптері белгіленуде.

    Өз кезегінде, сенаторлар Заңның мазмұнына тоқталып, құқықтарын мойындауда тиісті негіздер белгіленіп жатқанын айтты. Сонымен қатар, артықша иелеген жер учаскесіне, бау-бақша және жүзім шіркеттерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлер салынған жер участкаларына, шағын өнеркәсіп аймақтарындағы жер учаскелеріне болған аренда құқығын мойындау негіздері белгіленді. Сонымен қатар, Заңда өз бетінше иелеген жер участкелерге және оларда құрылған ғимараттар мен кешендерге қатысты мәліметтер мен құжаттар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы кезең-кезеңмен енгізу көзделуде.

    Талқылау барысында сенаторлар Заңның қабылдануы азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің өз бетінше иелеп алған жер учаскелеріне қатысты жалға алу құқығын, сондай-ақ оларда салынған ғимараттар мен кешендерге байланысты меншік құқығын мойындауға және бұл арқылы халықтың әлеуметтік, экономикалықжәне осы ғимарат пен кешендерді коммуналдық желілерге қосу бойынша кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруда кезінде туындайтын мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні атап өтілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Талқылау соңында осы Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates