«Узчармсаноат» бірлестігі білім беру саласында Түркиямен ынтымақтастық жасайды

    Білім 10 Iyun 2022 1319

    Үстіміздегі жылдың 9-10 июнь күндері Түркияның Измир қаласында Өзбекстан мен Түркияның техникалық саласындағы Жоғары оқу орындарының форумы өтті. Өзбекстан делегациясының құрамында техникалық және инженерлік салада кадрлар даярлайтын Жоғары оқу орындарының өкілдері болды.

    Аталмыш форумда жоғары білім саласындағы өзара ынтымақтастықты орнатуға, техникалық және инженерлік салаларда кадрлар даярлау жүйесін тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда, заманалық технологиялардан пайдалану бойынша практикалық тәжірибе алмасуға бағытталған.

    «Узчармсанат» бірлестігі еліміздің былғары, аяқ киім және елтірі саласы үшін білікті кадрларды даярлау және қайта даярлауда Ташкент тоқымашылық және жеңіл өнеркәсіп институтымен тығыз ынтымақтастық байланысты орнатқан. Сондай-ақ шетелдік университеттермен студент алмасу бағдарламасы аясында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Италия ЖОО-мен ынтымақтастықты жалғастыруда, деп хабарлайды «Узчармсанат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    Түркияның ЭГЕ университетімен жүргізілген жемісті келіссөздер мен білім беру саласында тұрақты байланысты жолға қою бойынша іс-әрекеттер нәтижесінде Ташкент тоқымашылық және жеңіл өнеркәсіп институтының профессор-оқытушылары мен студенттері енді академиялық алмасу бағдарламаларына қатысатын болады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates