Азық-түлік технологиясы мен инженеринг халықаралық институты ашылады

    Білім 30 Yanvar 2023 2788

    2023 жылдың 26 январында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Азық-түлік технологиясы және инженеринг халықаралық институтын ұйымдастыру іс-шаралары туралы» ПҚ-22-санды қаулысы қабылданды.

    Жаңа ЖOО Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылтайымен және Оман Сұлтандығы «Atyab International Services» компаниясының қатысуымен ашылады.

    Институттың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары мыналар:

    - халықаралық деңгейде мойындалған сапа стандарттарын (Global G.A.P, Organic, HACCP және т.б.) енгізе алатын жоғары білікті кадрларды даярлау;

    - салалық өндіріс және қайта өңдеу технологиялары, базар тенденциялары, қауіпсіздік және сапа стандарттары, желіні басқару әдістері мен өнім туралы ақпарат сияқты бағыттарда білімді дамыту;

    - азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу саласында шағын және орта бизнес үшін технологтар мен басшыларды даярлау;

    - жемістер мен көкөністерді, сүтті, етті, нан және кондитерлік өнімдерді, майлы тұқымдарды, бал мен дәмдеуіштерді қайта өңдеу, сондай-ақ дән өнімдерін өңдеу бойынша заманалық қызметтерді көрсету;

    - азық-түлік технологиясы саласында іс жүзіндік және инновациялық зерттеулер сондай-ақ заманалық талаптарға негізде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау.

    Институт жанынан Оман Сұлтанатының «Atyab International Services» компаниясының қатысуымен заңды тұлға мәртебесіне ие болған Агробизнес субъектілері әлеуетін арттыру орталығы – Capacity Building Center құрылады.

    Институтты құру үшін көзделген шығындарын қаржыландыру Дүниежүзілік банктің «Ферғана аңғарында ауылдық кәсіпкерлікті дамыту» жобасы аясында 19,5 миллион доллар көлеміндегі қаражат есебінен жүзеге асырылады.

    Әндіжан ауыл шаруашылығы және агротехнологиялар институты жанындағы Қоқан ауыл шаруашылық және технологиялық техникумының негізінде Институт жанындағы Қоқан азық-түлік өнеркәсібі мен қызмет көрсету техникумы құрылады.

    Институтта оқыту мемлекеттік білім беру стандарттарын ескере отырып, ағылшын, орыс және өзбек тілдерінде және күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқыту нысандарында жүргізіледі, деп хабарлайды «Норма».

    Құжат Заң құжаттары ақпараттары ұлттық базасында жарияланды және 2023 жылғы 28 январында күшіне енді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates