XVI Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары марапатталды

    Билік 10 Sentabr 2021 4777

    10 қыркүйекте Президент Шавкат Мирзияев XVI Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшылар және жаттықтырушылармен кездесті.

    24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Жапония астанасы Токио қаласында өткені XVI жазғыПаралимпиада ойындарында Өзбекстандық 55 спортшы спорттың 8 түрі бойынша 19 медал жеңіп алды.

    Олардың 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медал. Тағы бір назар аударарлық жайт, осы 19 медальдың 11-ін құрама сапындағы спортшы қыздар жеңіп алған.

    Паралимпиадалық ойындарда Өзбекстан құрама командасы 160-тан астам елдің арасында 16-шы, Азия құрлығы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 4-ші, Орталық Азияда 1-ші орынды иеленді.

    Салтанатты кездесуде Мемлекет басшысы баршаны спортшыларымыздың осы үлкен жеңісімен құттықтады.

    Президент спротшыларға осы жеңісі үшін ізгі-тілектері мен жылы лебізін білдірді: - Сіздердің жетістіктеріңіз - тұрақты жаттығу мен бірге күшті психикалық дайындықтың және таза ниеттің нәтижесі. Ұлы ойшыл Хакім Термизи айтқандай, «Егер адам бір нәрседен ұтылса, ол қайғыға батпауы керек. Тек ниетінен айырылған жағдайда ғана қасірет шексін. Өйткені әрбір жақсылық жақсы ниетпен марапатталады», - деді Шавкат Мирзияев.

    Өзбекстанда Олимпиадамен қатар Паралимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалуға барлық жағдай жасалған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен Ташкенттен пәтер берілді. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес барлық қатысушылар мен олардың жаттықтырушылары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

    Кездесуде Президент қол жеткізілген нәтижелерді қолдап және одан да көп жетістікке қол жеткізу үшін Парижде 2024 жылы өтетін Паралимпиадалық ойындарға нақты жүйе негізінде дайындалу қажеттігін айтты. Осыған байланысты маңызды міндеттер анықталды.

    Спорт мектептерінде паралимпиадалық бөлімдер ашылып, қосымша квоталар бөлінеді, арнайы дайындық бағдарламалары мен әдістемесі енгізіледі.

    Келесі оқу жылынан бастап Өзбекстан ұлттық паралимпиада комитеті жанынан паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мамандар даярлайтын институт құру міндеті қойылды.

    Паралимпиадашылардың денсаулығын сақтау үшін, физикалық және психикалық дайындығын арттыру мақсатында оларды Республикалық спорттық медицина ғылыми-практикалық орталығына бекіту және дәрі -дәрмекпен қамтамасыз ету маңызды екені айтылды.

    Осы бағытта қысқы спорт түрлерінде дамыту, «Амирсой» тау шаңғысы курорты мен «Хумо-Арена» мұз сарайы базаларында паралимпиадашыларға жағдай жасау бойынша тапсырмалар берілді.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Токиода өткен XVI жазғы Паралимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген бір топ спортшылар мен жаттықтырушылар құрметті атақ, орден және медалдармен марапатталды. Наградалар осы кездесуде салтанатты түрде табысталды.