Шара “Даму стратегиясы” орталығымен, Өзбекстан Республикасының Франциядағы Елшілігімен және Еуропа даму және қауіпсіздік институтымен (IPSE) бірлесіп ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел сұхбатта Өзбекстан мен Францияның жетекші талдау орталықтарының өкілдері, дипломаттар, саясаткерлер және Еуропаның әртүрлі елдерінен 40-қа жуық халықаралық сарапшылар қатысты.
Өзбекстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Надир Ғаниев кіріспе сөзінде соңғы жылдары Өзбекстанда жүзеге асырылған реформалар мен елдің сыртқы саясатының басым бағыттарына тоқталды.
Халықаралық шарада, сондай-ақ Өзбекстан сарапшылар қауымдастығынан «Даму стратегиясы» орталығының, Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының, Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының, Орталық Азия халықаралық институтының және Сыртқы саясатты зерттеу орталығының басшылары мен жетекші сарапшылары баяндама жасады.
Атап айтқанда, Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының директоры Обид Хакимов өз сөзінде Өзбекстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ «Өзбекстан-Еуропа Одағы» форматындағы ынтымақтастық туралы ақпарат беріп, түрлі салалардағы өзара мүдделі байланыстарды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарына байланысты мәселелерді ашып берді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Даму стратегиясы» орталығының атқарушы директоры Эльдор Туляков бүгінгі таңда Орталық Азиядағы болып жатқан аймақтық ынтымақтастық пен интеграцияның дамуы, атап айтқанда, аймақтық ынтымақтастық институционализациялау болашақтары мен «Орталық Азия плюс» форматындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.
Өз кезегінде, Франция тарапы Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға үлкен қызығушылық танытып, Еуропа Одағы мен оған мүше мемлекеттердің елімізбен ынтымақтастықты одан әрі жандандырудағы маңыздылығын айтты.
Атап айтқанда, Еуропа даму және қауіпсіздік институтының директоры Э.Дюпюи Өзбекстан Францияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі екеніне және екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. IPSE басшысының айтуынша, Өзбекстанда соңғы жылдары оң өзгерістер байқалды, ел ашық және теңгерімді сыртқы саясатты ұстанады және Орталық Азия аумағында қауіпсіз және тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Дөңгелек үстел сұхбатында Өзбекстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғырту үдерістері, сондай-ақ еліміздің өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға қызмет етіп жатқан прагматикалық және сындарлы сыртқы саясаты жоғары бағаланды.
Шара соңында Францияға және басқа да Еуропа елдеріне сапармен келген саяси және экономикалық топтардың өкілдері Өзбекстанның жетекші талдау орталықтарымен және оқу орындарымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.
«Даму стратегиясы» орталығының
Ақпарат қызметі