Үстіміздегі жылдың 11 март күні Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзияевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында Париж қаласында екі елдің мүдделі министрліктері мен кеңселері басшылары және 100-ге жуық жетекші компаниялары, қаржы және бизнес ұйымдары басшыларының қатысуымен Франция-Өзбекстан бизнес-форумы болып өтті.

Шарада сөз сөйлеген Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов бизнес-форумның екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін зерделеудегі бірегей форум ретіндегі маңыздылығын жоғары бағалады.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың тұрақты динамикасы айтылды. Атап айтқанда, 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 1,1 миллиард долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға артты. Бұл ретте, Өзбекстаннан Францияға экспорт көлемі екі есеге жуық өсіп, 800 миллион долларды, ал импорт 330 миллион долларды құрады.

Бүгінде Өзбекстанда 50-ден астам француз компаниясы табысты жұмыс істеп, бизнес ортаның дамуына өз үлесін қосуда.

Өзбекстанда энергетика, инфрақұрылым, қоршаған ортаны қорғау, авиация, азық-түлік өнімдерін өндіру және туризм салаларында өз тәжірибесін әкелеген әлемге әйгілі Orano, SUEZ, Veolia, Total Energies, Voltalia, EDF, Lactalis, Airbus, MND және басқа компаниялар бар.

Лазиз Қудратов қарым-қатынастарды тереңдету үшін пайдаланылмаған үлкен мүмкіндіктерге тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бірқатар бағыттарына, соның ішінде көлік-логистика тұрғысынан өзара байланысты дамыту, сауда дәліздерін диверсификация және геологиялық барлау істерін, сондай-ақ Өзбекстанның қажеттіліктеріне бейімделген француз технологияларын енгізу арқылы инновациялық даму маңызды екенін  атап өтті.

Сонымен бірге, инвесторлардың мүдделеріне жауап беретін және ел экономикасын сапа жағынан өзгертуге және оның тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды қолдауға ниет білдірілді.

Өз кезегінде, форумда сөз сөйлеген  MEDEF International төрағасы мен «Orano» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовен Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады, француз бизнес өкілдерін Өзбекстан базарында белсенді түрде кіруге шақырды.

Форум аясында B2B және G2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, бұл екі елдің іскер топтарына өзара диалог жасау, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын меңгеруге жақсы мүмкіндік болды.

Форум қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы, энергетика, жасыл экономика, қала құрылысы, сумен қамту және көлік, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және жобаларды іске асыруды айқындайтын 20-дан астам келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойылды.