Өзбекстан көрмелері Малайзиядағы БАҚ-тың назарында

    Малайзияның «OIC Today» мамандандырылған журналының интернеттегі веб-сайтында 2022 жылдың 23 ноябрінен бастап Парижде өтіп жатқан Өзбекстанның тарихи-мәдени мұрасына арналған көрмелер туралы мақала жарияланды.

    Онда Президент Шавкат Мирзиеявтың Францияға ресми сапары барысында Париждегі Лувр мен Араб әлемі институтында еліміздің бай тарихы мен мәдениетін паш ететін көрмелердің ашылғаны туралы ақпарат берілгені жазылған.

    Жоғарыда айтылғандай, Луврдағы экспозиция біздің эрамыздан бұрынғы V-VI ғасырлардан Темурилер дәуіріне дейін болған кезеңді қамтиды. Мәлім болғандай, Араб әлемі институты ХІХ ғасыр соңы — ХХ ғасыр басындағы экспонаттарды сондай-ақ Нөкістегі И. Савиский атындағы Мемлекеттік мұражай коллекциясынан орын алған эспонаттарды өнерсүйер қауымның назарына ұсынылғаны айтылған.

    «2018 жылдың октябрь айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев алғаш рет ресми сапармен Францияға барды. Мәдени бағдарлама аясында Луврға экскурсия ұйымдастырылды. Сол кезде бұл мұражайда Өзбекстанның бай тарихи-мәдени мұрасына арналған ауқымды көрмені өткізу идеясы айтылып, мемлекет басшысы оны қызу қолдады», - деп жазды дереккөз.

    Материалда хабарланғандай, екі көрмені де дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. 2018 жылдан бері көрмеге 70-тен астам бұйымдар қалпына келтірілді. Бұл үдерісте Франция мен Өзбекстаннан қағаз, ағаш, металл, мүсінші, шыны және қабырға бояулары бойынша 40-тан астам реставраторлар қатысты.

    «VІІ ғасырдағы Катталангар Құранның беттерін қалпына келтіру және консервациялау, әсіресе қиын әрі қызықты болған. Бұл Құран Ислам және мұсылмандар үшін үлкен діни маңызы бар және бүкіл адамзаттың мәдени және тарихи мұрасын құрайтын құндылықтардың бірі болып табылады». Мақалада мамандар бұл көрмелердің өте тиімді екенін айтып отырғаны айтылған, деп хабарлайды «Дунё» AA.

    «Жыл сайын Францияға 60 миллион турист келеді. Луврға 10 миллионнан астам адам барады. Өзбекстанның мұндай ауқымды көрмеге қатысуы елдің танылуын арттырады, мемлекетке, оның мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықты арттырады. Бұл туризмді дамытуға да зор мүмкіндік. Көрмелер мен өзара сұхбаттар арқылы адамдар бір-бірімен жақсы танысқан сайын, өзара сенім де нығая түседі. «Сенім ынтымақтастықтың басқа салаларына есік ашады» деп жазады «OIC Today».

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates