Еске салайық, 15 наурыз күні сағат 13:18-де Батыр Зокиров көшесінде орналасқан осы орталықтың 3-қабатында өрт болған еді. Құтқару техникасы оқиға орнына сағат 13:19-да жетіп, өрт сағат 13:28-де толық сөндірілген.

Айтылуынша, сауда-ойын-сауық орталығының ғимараты әлі пайдалануға берілмеген. Сонымен қатар, өрт балалар ойын алаңында емес, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлмелердің бірінде болған.