ПО президенті Өзбекстан Парламенті мүшелерінің Ұйым жұмысына белсенді қатысуын құптады, сонымен қатар жастар, гендерлік саясат, экология және денсаулық сақтау сияқты күн тәртібіндегі мәселелерді қолдады.
Д.Пачеко Өзбекстанда жүргізіліп жатқан жастар саясаты Парламентаралық Одақтың стратегиясына сай келетінін атап өтті. Осыған орай ол ел парламентіндегі жастардың өкілдігін жоғары бағалады.
Дамыған елдердің көпшілігінде жастар парламентте 3 пайыздан аспайды. Өзбекстанда бұл көрсеткіш екі есе жоғары. Сонымен бірге, ПО Өзбекстанның елдің заң шығарушы органдарындағы жастардың санын көбейту ниетін құптайды. Ол одаққа «Жас парламентке иә, деп айт» акциясын қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Әсіресе, Өзбекстан парламенті мүшелері жалпы санының 32 пайызын әйелдер құрайтыны, бұл әлемдегі ең үздіктердің бірі екені айтылды. Соңғы жылдардағы гендерлік теңдік саласындағы реформалар оң бағаға лайық.
Осы орайда Д.Пачеко 2022 жылы сентябрь айында Өзбекстанда өтетін кезектегі Дүниежүзілік әйел-спикерлердің форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына сенім білдірді. Ол келесі жылы Өзбекстанға баруға ниетті екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар Өзбекстан мен ПО арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі.