Атқару комитетінің жиналысында үстіміздегі жылы өтетін Парламентаралық Одақтың 144-Ассамблеясының күн тәртібіне қатысты мәселелер талқыланады. Атап айтқанда, 144- Ассамблеяға дайындықтың барысы,  БҰҰ-дағы саяси жобасы,  жариялылыққа мойынсұну жағдайы, 2022-2026 жылдарға арналған Коммуникациялар стратегиясының бірінші жобасы қаралады.

Парламентаралық Одақтың Бас хатшысы Мартин Чунгонгтың шақыруымен, осы жиналыста Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис Заң шығару палатасы Спикерінің  бірінші орынбасары, Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталығының  директоры  Акмал Саидов қатысады.  А.Саидов  2020 жылдан бері Парламентаралық Одақтың Вице-президенті саналады.

Анықтама үшін: Парламентаралық Одақ 1889 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 179 елдің парламенттері осы беделді парламентаралық ұйымға мүше.

Парламентаралық Одақ Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Парламентаралық Одаққа БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесі берілген.

Өзбекстан 2017 жылдың октябрь  айында Парламентаралық Одаққа мүше болған және оның 138-141- Ассамблеяларына қатысқан. Атап айтқанда, Парламентаралық Одақтың  2019 жылғы 18 октябрьде өткен  141- Ассамблеясында Еуразиялық топтан – Өзбекстан парламентінің өкілі А.Саидов Парламентаралық Одақтың Атқару комитетінің мүшесі болып сайланған.

 Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығының баспасөз қызметі.