Үкімет «2021 жылы мақта жинау істерін қаржыландыру жөніндегі қосымша іс шаралар туралы» қаулы қабылдады.
Оның айтуынша, Қаржы министрлігі мақта және тоқыма кластерлері үшін жылдық 14% мөлшерлемемен (1% банктік маржа) несие бөлу мақсатында мерзімі алты ай болатын Агробанк депозитіне 1,6 триллион сумға дейін орналастырады.
2021-2023 жылдары Жызақ, Қашқадария, Сырдария және Ташкент облыстарында ұсынылып отырған қызмет көрсету тарифтерін негізге ала отырып, мақта теруші машиналармен терілген мақтаның әрбір тоннасын жинауға кеткен шығынның 30 пайызы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
Мақта-тоқыма кластерлері мен фермерлік шаруашылықтары белгіленген тәртіппен қалыптастырған тізім бойынша шетелден әкелінетін ауыл шаруашылығы техникасы, олардың құрамдас бөліктері мен қосалқы бөлшектері 3 жыл мерзімге кедендік баждарды (ҚҚС және кедендік ресімдеу алымдарын қоспағанда) және кәдеге жарату алымдарынан босатылады.
Сондай-ақ жабдықты,қосалқы бөлшектерді «еркін айналым» кедендік режиміне орналастырған күннен бастап ҚҚС төлеуді 270 күнге дейін кейінге қалдыруға рұқсат етіледі.
Жызақ, Сырдария, Ташкент облыстарында, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасының барлық аудандарында, Қашқадария облысының 6 ауданында және Сұрхандария облысының 4 ауданында мақта терімшілерге қосымша әр бір 1 килограм мақта үшін 230 сум үстеме ақы төленеді.