Пекинде Аралбойы аймағында экологиялық жобалардың мәселелері талқыланды

    Өзбекстанның Пекиндегі елшілігі Аралбойы өңіріндегі топырақтың тұздануына қарсы күресуде Қытайдың озық ғылыми-технологиялық шешімдерін тарту мәселесіне арналған дөңгелек үстел сұхбаты ұйымдастырылды.

    Шараға Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі мен Орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің өкілдері, Пекин орман шаруашылығы университетінің, Қытай орман шаруашылығы академиясының, Мемлекеттік орман шаруашылығы және жайылымдар басқармасының басшылығы мен мамандары қатысты.

    Қытай ғалымдары ҚХР-ның кейбір шөлді аймақтарындағы тұзданған топырақтарды қалпына келтіруде қолданылған заманалық әдістері туралы тұсаукесер өткізді.

    Шара соңында тараптар Аралбойының тұзды аумақтарында егіншілік жасаудың баламалы әдістерін енгізу мақсатында біріккен ғылыми зерттеулер жүргізу, сол арқылы жайылымдарды жарату, олардың өнімділігін жақсарту, сондай-ақ орман шаруашылығының кейбір бағыттары бойынша өзбек мамандарының біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастық бағдарламаларын қабылдауға келісіп алды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates