Біріншіден, my.gov.uz порталынан тіркеуден өтеді, яғни азаматтар my.gov.uz порталына кіріп, логин мен пароль жасап алуы қажет.
Ескерту: порталға бұрын тіркелген азаматтар логин мен парольді енгізу арқылы порталға кіре алады.
Екінші басқышта «САЛАЛАР» бөлімінен «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» шағын бөлімін тауып, осы бөлімге енгізіңіз.
Үшінші басқыш осы бөлімнен «ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРУ» түймесі басылады.
Төртінші басқышта ҚЫЗМЕТТЕН ПАЙДАЛАНУ түймесі басылады.
Бесінші басқышта азаматтардан сұралған жеке тұлғаның жеке идентификация нөмері (ЖТЖИН), төлқұжат сериясы мен нөмірін, тұрғылықты мекенжайын (облыс, аудан, махалла), телефон нөмірін және ең қажетті мәліметтер – ЗЕЙНЕТАҚЫ ТҮРІН таңдап, ЖІБЕРУ түймесін басады.
Мәліметтер дұрыс және анық енгізілген жағдайда өтініш сәтті жіберіледі және берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтініш қарастырылғаннан кейін азаматқа зейнетақы тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тартылғандығы туралы телефон нөмеріне СМС хабарлама жіберіледі.
Тағайындалған зейнетақыға қанағаттанбаған немесе зейнетақы тағайындаудан бас тартылған азаматтар Зейнетақы қорының аудандық (қалалық) бөліміне өтініш жасау құқығына ие.