Өзбекстан Республикасының  Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі мен Ресей Құрылыс министрлігі арасындағы келісімге сәйкес, жақын арада Өзбекстан азаматтарын жіберу үшін пилоттық жоба аясында Өзбекстаннан Ресейге 10 мың еңбек мигранты жіберіледі.

Бүгін, 19 қазанда Бұхара облыстық әкімшілігі, Жұмыспен қамту бас басқармасы және Сыртқы еңбек миграция агенттігінің Бұхара облыстық филиалы ыныақтастықта Ресейдің АҚ «ПИК Индустрия» компаниясының өкілі тарапынан Бұхара қаласындағы «Ишга мархамат» Моноорталығына және «Бұхара Архитекорлық-құрылыс колледжінде» шетелге барып  жұмыс істемекші болған азаматтардың қатысуында байқау ұйымдастырылды. Бұл байқаудан нәтижелі өтіп, медициналық тексерулері жақсы шыққан азаматтар Ресей Федерациясына жіберіледі.