Президент Шавкат Мирзияев пен Премьер-Министр Виктор Орбан Өзбекстан Республикасы мен Венгрия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Құжатта келіссөздер достық, ашық және сындарлы рухта өткені, жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру көзделгені, дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл болғаны атап өтілген.
Сонымен қатар, екі елдің үкіметтері, министрліктері мен ведомстволары деңгейінде Өзбекстан-Венгрия стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейтуге бағытталған 15 құжатқа қол қойылды. Олар:
- 2023-2024 жылдарға арналған өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың бірлескен бағдарламасы;
- ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шаралар жоспары;
- ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша іс-шаралар жоспары;
- Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Ғылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Сондай-ақ, кеден, әділет, қоршаған ортаны қорғау, бау-бақша және жылыжай шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, инвестиция салаларында Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік басқару академиясы мен Венгрияның Мемлекеттік қызмет университеті, Самарқанд облысы және Хайду-Бихар округы, Халықаралық байланыстар ақпараттық-талдау орталығы мен Сыртқы істер және сауда институты, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті мен Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.