Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігінің ақпарат қызметі хабарлады.

Кездесулер соңында Пәкістан мен Ауғанстанның 7 компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ шараға қатысушылар “Termiz Cargo Centre” халықаралық логистикалық орталығы мен «Айритом» шекаралық-кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруда жасалған жағдайлармен жақыннан танысты.

Үшжақты іс-әрекеттер нәтижесінде Пәкістаннан Ауғанстан арқылы Өзбекстанға  автомобиль транспортында халықаралық жүк тасымалдаушыларды ұйымдастыру бойынша жүргізілген істердің  нәтижесінде бүгінде бұл көлік дәлізі толық жұмыс істеп, жүктердің межелі жеріне қысқа мерзімде, қауіпсіз жеткізілу қамтамасыз етілуде.

Атап айтқанда, біздің ұлттық тасымалдаушылар да осы дәлізді пайдалана бастады. Бүгінгі шара аясында Пәкістаннан жүк таситын ұлттық тасымалдаушыларымыздың көліктері салтанатты түрде қарсы алынды.