Халықаралық мүсін симпозиумын Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі мен Өзбекстан Көркем өнер академиясының Көркем шығармашылар ұйымы ұйымдастырды.
– Бұл симпозиум мүсін өнері арқылы экология және қоршаған ортаны қорғау тақырыбын халқымыздың санасына терең сіңіруге қызмет етеді. Сонымен қатар, Ташкент қаласының мәдени ортасы мен көркем-ландшафтық көрінісін дамыту үшін мәрмәрден мүсіндік туындыларды жасау, шетелдік мүсіншілермен тиімді шығармашылық ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу және қолайлы жағдайларды туғызуды мақсат еткен, — деді, Симпозиумды кіріспе сөзбен ашқан, Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов.
Ақпарат үшін айта кетейік, аталмыш симпозиумға Ұлыбритания, Италия, Испания, Аргентина, Үндістан, Түркия, Иран, Ресей, Грузия және Беларусь елдерінен 10 шетелдік және 11 өзбекстандық мүсінші қатысуда.
Симпозиум барысында тәжірибелі мүсіншілер урбанизация, «жасыл» даму, климаттың өзгеруі, Арал трагедиясының зардаптары туралы монументалды және декоративті туындылар жасалады. Сонымен қатар, шетелдік және жергілікті кәсіпқой мүсіншілер қатысуымен жергілікті жастар үшін «мастер кластар» ұйымдастырылады, экологиялық туризм нысандарында, демалыс саябақтарында, «жасыл саябақтарда» экологиялық насихат ескерткіштері орнатылады. Симпозиум бір айға жалғасады.
Халықаралық мүсін симпозиумы алғаш рет 2022 жылы Самарқант қаласында болып өткен.
Гуличехра Дурдиева,
«Янги Узбекистон» тілшісі.