Сұхбат барысында Мемлекет басшысы мен Қазақстанның тұңғыш Президенті алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай бір-бірін шынайы құттықтап, бауырлас елдердің халықтарына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тіледі.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың жоғары деңгейге көтерілгені, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықтың барлық бағыттар бойынша жүйелі түрде дамып келе жатқаны айрықша атап өтілді.