Өзбекстан Президенті Конституциялық комиссия мүшелерімен кездесу өткізді

    Билік 20 Iyun 2022 6308

    20 маусым күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Конституциялық комиссия мүшелерімен кездесті.

    Өзбекстан Конституциясы тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктерге берік құқықтық негіз болып табылады. Сонымен бірге халқытың өмірі де, дүниетанымы да өзгеруде.

    Соңғы жылдары Конституцияны жетілдіру жөнінде азаматтар тарапынан көптеген пікірлер айтылып жүр. Осыған орай 2022 жыл 20 мамырда Олий Мажлис Палаталарының Кеңестері тарапынан Конституциялық комиссия құрылды. Соңғы бір айда комиссияға халық арасынан 48 492 ұсыныс келіп түскен.

    Кездесуде Мемлекет басшысы халықтың белсенділігіне, елдің болашағына деген ынта-жігеріне жоғары баға беріп, конституциялық реформаларға қатысты өз ойын білдірді.

    – Жаңартылған Конституция еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиялары, жалпы, ел мен халықтың болашақ өмірі үшін берік құқықтық негізі мен сенімді кепілі болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі реформалардың басты қағидасы болып табылатын «Адам – қоғам – мемлекет» идеясы мен «Адамның қадір-қасиеті үшін» деген ұстаным Конституция мазмұнына енгізіп, шынайы өміріміздегі басты құндылыққа айналдыруымыз қажет. Яғни, барлық салада адам капиталы брінші орында тұруы керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы өз сөзінде төрт басым бағытқа тоқталып, олардың әрқайсысы бойынша өз ұсыныстарын айтты.

    Бірінші бағыт ретінде адам, оның өмірі, бостандығы, қадір-қасиеті, құқықтары мен мүдделері мәселесі алға қойылды.

    – Адамның капиталын көтеру, шын мәнінде, мемлекеттік органдардың конституциялық міндеті және басымдығы болуы керек. Жаңартылған Конституциямызда осы қағидаларды нақты көрсетіп, кемел құқықтық шешімін табу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

    Өмір сүру құқығы әрбір адамның ажырамас құқығы екені аталып, «Өзбекстанда өлім жазасына тыйым салынады» деген норманы Конституцияға енгізу ұсынылды.

    Адамның сотталуы және одан туындайтын құқықтық қиындықтар оның туыстарының құқықтарын шектеуге негіз бола алмайтыны айтылды.

    ондай-ақ бас бостандығынан айырылған адамдарға адамгершілікпен қараудың конституциялық негіздерін нығайту мәселелері қозғалды.

    Әкімшілік, азаматтық, экономикалық, қылмыстық және басқа да істерді қарау кезінде адамға қолданылатын құқықтық ықпал ету шаралары заңды мақсатқа жету үшін жеткілікті болуы және адамға мүмкіндігінше жеңілдік беруі керектігі атап өтілді.

    Екінші бағыт бойынша «Өзбекстан – әлеуметтік мемлекет» идеясы алға тартылды.

    Әлеуметтік мемлекет әрбір адамға лайықты өмір сүру жағдайын жасап жатқаны, ешкімнің назардан тыс қалмайтыны, өз мәселесімен жалғыз қалдырылмайтыны белгілі. Сондықтан халықты баспанамен қамтамасыз ету, отбасының экономикалық және рухани негіздерін нығайту, балалардың мүдделері мен жан-жақты дамуына барлық жағдай жасау, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұсыныстар айтылды.

    – Бір сөзбен айтқанда, ерлер мен әйелдерге, отбасы мен балаларға, жастар мен қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, елде болсын, шетелде болсын, барша азаматтарға мемлекеттің қамқорлығы Конституцияда бекітілу керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Үшінші бағыт – Конституцияда махалла мәртебесін және осыған байланысты мемлекеттік органдардың міндеттерін нақты белгілеу болды. Бұл ретте махаллаларды мемлекеттік билік органдары жүйесіне кіргізбеу, жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті деңгейде өз бетінше шешу, осы мақсатта мемлекеттік органдардың қолдау көрсету қағидалары көрсетіледі.

    Төртінші бағыттың маңызы зор, өйткені ол елдегі мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, халық билігін нығайтуға бағытталған.

    – Біз халықтың қамымен өмір сүретін демократиялық мемлекет құрғымыз келеді. Бұл мемлекет, оның органдары, шенеуніктері халық үшін жұмыс істейді, оларға қызмет етеді деген сөз. Мемлекеттік билікке халықтық бақылау орнатылады. Конституцияға мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтықты, жариялылық пен есептілікті, сондай-ақ бұл органдардың жұмысының қысқалығы мен үнемділігін қамтамасыз ететін нормаларды енгізуді ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.

    Әсіресе, Олий Мажлистің үкіметті құрудағы өкілеттіктерін кеңейту және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Президенттің кейбір өкілеттіктерін Олий Мажлиске беру туралы ұсыныстар айтылды.

    Конституциядан әкімдер халық депутаттары Кеңестеріне бір уақыттың өзінде төрағалық етуі керек деген норманы алып тастайтын кез келгені баса айтылды.

    Мемлекет басшысы Конституцияға заңнамалық ұсыныстар енгізу институтын құруды ұсынды. Бұл ереже арқылы халық тікелей бастама көтеру құқығын алады. Олий Мажлистің заң шығару палатасына кемінде 100 мың азамат өз заң жобаларын енгізу мүмкіндігіне ие болады.

    Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту, Министрлер Кабинеті мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары экологи, отбасын қолдау, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, қоғамдық көлікті дамыту, халықтың демалуы үшін қажетті жағдайлар жасау, Азаматтық қоғам институттарын қолдау жауапкершілігін Конституцияда анықталуы тиіс екені айтылды.

    Әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістер жағдайында Өзбекстанның сыртқы саясатының тұжырымдамалық-құқықтық базасын жаңарту мен жетілдірудің маңыздылығы да сөз болды.

    Конституциялық комиссия қорытындылаған ұсыныстарды енді заң шығарушы палата депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртібімен Парламенттің төменгі палатасына енгізетіні белгілі. Олар парламентте жан-жақты талқыланып, Конституцияның қайта қаралған жобасы дайындалады. Заңнамаға сәйкес, Парламенттің өзі Конституцияға өзгерістер енгізуге құқылы. Дегенмен, Президент Конституция жобасын жалпыхалықтық талқылауда қарап, референдум арқылы қабылдауды ұсынды.

    – Конституциялық реформаны азаматтарымыздың пікірі мен қолдауы негізінде, референдум арқылы жүзеге асыратын болсақ, бұл халқымыздың еркін білдіру – нағыз халықтық Конституция болады, – деді Мемлекет басшысы.

    Сондықтан Президент халықты конституциялық реформа үдерісіне белсендірек қатысуға шақырды.

    – Көркіне көз тоймайтын елімізде тұрақты қоғам мен мәңгілік дамуды қамтамасыз ету – бәріміздің басты мақсатымыз! Осы ұлы мақсатқа жету жолында барша халқымызды өзара ынтымақ пен бірлікке шақырамын, – деді Шавкат Мирзияев.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates