баннер
22 Mar 2025
22:48

    Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының Бектемір ауданындағы «Ийката» махалласында болып, мұндағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

    Бұл жерде 37 көпқабатты тұрғын үй мен 1 400 жеке аула бар, жалпы саны 6 мыңға жуық адам тұрады. Елдегі «махаллабай» әдісімен жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі «Ийката» махалласында да байқалып отыр. Жаңа көпқабатты үйлер бой көтеріп, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары жөнделген. Аулаларға гүлдер мен көгал шөптері егілген.

    Өткен жылы үш қабатты жаңа махалла басқармасы ғимараты пайдалануға берілген болатын. Енді мемлекеттік бюджет есебінен 358-орта мектеп салынды. Президент осы жаңа оқу орнын аралап көрді.

    Бұл мектеп елдегі білім беру жүйесіне жасалып жатқан қамқорлықтың жарқын үлгісі саналады. 1 мың орынға лайықталған білім ошағында оқу кабинеттері, компьютер және шет тілдері сыныптары, робототехника үйірмесі мен зертханалар қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, оқушыларға арналған кітапхана, спорт залы, футбол алаңы және асхана бар.

    Мұғалімдермен өткен кездесуде балалардың қабілетін дұрыс бағыттау, кәсіптік білім беруді дамыту және түлектерді өнеркәсіпке бейімдеу мәселелері айтылды. Әсіресе, ақпараттық технологиялар, робототехника және инженерия салалары бойынша мүмкіндіктерді кеңейту, жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық рухты нығайту қажеттілігі атап өтілді.

    Махаллада жаңа үйлердің бірінші қабаттарында екі жеке балабақша ашылған. Бұл мекемелердің Наурыз мейрамы қарсаңында іске қосылуы ата-аналар үшін ерекше сыйлық болды.

    Бұдан бөлек, ішкі мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы халықты жұмыспен қамту қағидасы да осы махаллада жүзеге асуда. Мұнда 70 сауда және қызмет көрсету орны, 2 өндіріс орны жұмыс істеп, көптеген тұрғындарды еңбекпен қамтып отыр. Президент тапсырмасымен жарияланған бір айлық науқан аясында тұрғындар үй іргесіндегі жер телімдерін тиімді игеріп, ауыл шаруашылық дақылдарын отырғызуды қарқынды жүргізуде.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech