Өзбекстанда төменгі жүйеге көңіл бөлінуі де осы махаллада да көрініс берген. Азаматтар жиналысының ғимараты, көпқабатты үйлер заманауи келбетке ие. Кіші алаң мен ішкі жолдар тегістеліп, атырабыабаттандырылған. Балалар ойын алаңы мен автотұрақ жасалған.
Мемлекет басшысы осы жұмыстармен танысып, махалла төрағасы және аудан өкілдерімен әңгімелесті.
– Махаллада «бестік» жүйесін енгізіп, кең мүмкіндіктер бердік. Олар бүгінде халық пен мемлекет арасындағы көпір. Бұл көпір неғұрлым әділ, ашық, берік болса, халқымыз соғұрлым риза болады, – деді Шавкат Мирзиёев.
Атаулы махаллада бүгінде 6700-ден астам адам тұрады. Мұндағы жастар оннан астам тұрмыстық қызмет көрсету, жүзден астам сауда дүкендерінде еңбек етуде. Тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне де жағдай жасалған.
Мемлекет басшысы «Янги Жангох» басқарушы сервистік компаниясының қызметімен де танысты. Ол махалладағы 52 көпқабатты үйге қызмет көрсетеді. 24 маман мен арнайы техника әрқашан дайын. Есеп-шоттарда биллинг жүйесі жолға қойылған. Тұрғындарға қолайлылық жасау мақсатында «Менің үйім» мобильді қосымшасы енгізілген.
Жауапты азаматтармен сұхбатта коммуналдық желілерді жаңарту, тұрғындардың сеніміне кіріп, төлем тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.
Махалла кіреберісінде адамдармен шынайы сұхбат болды.
– Біз қызмет бастаған күннен бастап барлық жұмыстарды махаллада атқарып келеміз. Өйткені бұл адамға ең жақын жүйе. Бұған сіздің махалаңыздың гүлденуі бір мысал. Мұндай жұмыстар тек Ташкентте ғана емес, Қарақалпақстан, Хорезм, Қашқадарияда да, барлық жерде жасалып жатыр. Халқымыздың өзі әділ төреші. Бүгінде еліміздегі әрбір адам оң өзгерістерді сезінуде. Енді осы жұмыстарды жалғастыра отырып, біз қаржы, салық, жұмыспен қамту органдарының өкілеттіктерінің кем дегенде 30 пайызын махаллаға бағыттаймыз. Бұл халықтың жүгін жеңілдетіп, сапалы қызмет көрсететін халыққа қолайлы жүйе болмақ, – деді Мемлекет басшысы.
Ақсақалдар мен әжелер махалладағы, жалпы республикадағы болып жатқан өзгерістерге қуанатынын айтып, дұға жасады.
Мемлекет басшысы осы махалла маңында, Абдулла Қадири көшесіндегі аллеяда салынған демалыс дәлізін де аралап көрді. Бұл жер қала тұрғындары мен шетелдік туристер үшін тағы бір тартымды орынға айналатыны айтылды.