Мемлекет басшысының бастамасымен салынған бұл кешен соғыстағы шығынын, бейбітшілік үшін күресі және халқымыздың қосқан зор үлесін сипаттайды. Сондықтан, әсіресе мереке күндері саябақ жастар мен қарттарға толы.
Биылда 9 мамыр – Еске алу және қадірлеу күні кең көлемде аталып өтуде. Президент жарлығына сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс майдангерлері ынталандырылуда. Олардың денсаулығы үнемі назарда.
«Жеңіс» саябағында Қарулы Күштер жүйесі құрамындағы министрлік, ведомство, мемлекеттік ұйым өкілдері жиналды. Сондай-ақ кешенге гүл шоқтарын қойды.