Президент бастамасымен ағаш отырғызу, жасыл желектерді көбейту үлкен қозғалысқа айналуда. Биылғы маусымда 85 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Орман шаруашылығы мекемесі әр ауданға 200 көшет тегін жеткізіп береді. Сондай-ақ, 15 қазаннан бастап барлық аудан мен махаллада көшет жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Аудан тұрғындарымен болған сұхбатта күзгі-қысқы маусымға дайындық барысы сөз болды.

– Бүгінгі сапарымыздың мақсаты – өткен жылғы жаңдайдан қорытындының нәтижесін көру. Ол үшін біз қажетті шешімдер қабылдап, қомақты қаржы бөлдік. Шетелден технологиялар мен мамандар әкелдік. Сала қызметкерлері қосымша оқытылып, жалақылары көтерілді. Қазір тағыда басшыларға тапсырма бердім, әр ауданға, әр көпқабатты үйге, мектепке, ауруханаға барып, жылу жағдайын тексеретін болады. Ең бастысы, біз бұл тұрғыда қоғамдық бақылау орнатамыз. Бұл ретте энергияны үнемдеу мәдениетін арттыру қажет. Сіздей көпті көрген азаматтар, зиялы қауым мемлекетке үлгі, көмекші болуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қоғам өкілдері күз-қыс маусымына дайындықты, республикада болып жатқан өзгерістерді қолдап, өз шаңырағында, барлық мекемелерде жылуды сақтауға құлшыныс танытып отырғандарын жеткізді.