Аумағы қырық гектардан асатын бұл зауыт бір кездері толық іске қосылмай, рентабельділігі төмен болды. Сондықтан ол «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамына беріліп, 2013 жылы жаңғыртылды. Кейінгі жылдары жергіліктендіру қарқынды түрде кеңейіп, оның экономикалық тиімділігі артты.

Бүгінде кешен жылына 1200 жүк вагонын шығатын және оның 1500-ін жөндеуге қауқарлы тұрақты кәсіпорын.

Вагондардың құрамы да сұранысқа ие. Атап айтқанда, астық, цемент, минералды тыңайтқыштарды тасымалдауға арналған жартылай ашық, үсті жабық, ұзын базалы жүк вагондарының 6 түрі шығарылады.

Металл құю – ауыр өнеркәсіптің ең маңызды саласы, былайша айтқанда «жүрегі» саналады. Мұнда құны 120 миллион доллар болатын құю цехы салынған. Ол жылына 26 мың тонна өнім шығаруға есептелген. Мұнда темір жолды пайдалану мен қозғалыста қолданылатын қосалқы бөлшектердің барлық түрлері құйылады.

Мемлекет басшысы бұл өнімдерді аралап көрді.

– Бүгінгі таңдағы ең үлкен мақсатымыз – жұмыс орындарын көбейту. Мәселен, биыл елімізде 100 мың тұрғын үй салмақпыз. Олар қашан халықтың көңілінен шығады? Қасында жұмыс пен бірге болса. Сондықтан салада болып жатқаны секілді көпқабатты тұрғын үйлер бойынша да махаллаларда экономикалық жобалар жасалады. Қайсыбір үйде жұмыссыз адам болса, оның жұмыс табуына қолдау көрсетіледі. Бұл ретте осындай зауыттардың маңызы зор, – деді Шавкат Мирзиёев.

Сондықтан қала құрылысы, коммуналдық және басқа да салаларға қажетті өнімдерді шығарып, кәсіпкерлерді осы мүмкіндіктермен таныстырып, тапсырыстарды көбейту қажет екендігі айтылды. Бұл өз кезегінде іргелес салаларда жұмыс орындарын ашуды ынталандырады.

Зауытта жүк вагондарының құрылысы, механикалық құрастыру, доңғалақтарды құрастыру, құю, жөндеу, соғу және престеу, дайындау және құрастыру сияқты 26 цех бар. Мемлекет басшысы кешен ішін аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Кәсіпорында 2018-2023 жылдары жергіліктендіру бағдарламасы бойынша 100-ге жуық өнім түрін шығару игерілді. 2023 жылы 267 миллиард сумдық өнім өндіріліп, 10 миллион долларлық 170 вагон мен қосалқы бөлшектер экспортталған. Биыл экспорт көлемін 15 миллион долларға дейін ұлғайту туралы келісім-шарттарға қол қойылды.

Кәсіпорында халықаралық стандарттарға сәйкес ISO 9001 сапа менеджменті және ISO 50001 энергия менеджменті жүйесі енгізілген.