Ресей Федерациясының Президенті Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді

    Билік 26 May 2024 1517

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 26 мамыр күні мемлекеттік сапармен елімізге келді.

    Ташкент халықаралық әуежайында Ресей Президентін Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

    Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сапқа тұрды.

    Сапардың негізгі шаралары ертең, 27 мамырда өтеді.

    Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту және тереңдету мәселелерін қарастырады.

    Саммит қорытындысы бойынша екіжақты құжаттар кешенін қабылдау жоспарланған. Сондай-ақ Президенттер Өзбекстан мен Ресей өңірлер кеңесінің бірінші отырысына қатысады.