Жаңа жыл қарсаңында Қаршы қаласында көпқабатты сауда кешені іске қосылған еді. Онда азық-түлік, тұрмыстық техника, тұрмыстық тауарлар дүкендері мен ойын-сауық орындары бар.
Бүгін Президент осы кешенге барып, азық-түлік және тұрмыстық техника дүкендерін аралады. Өнімдердің сапасы мен бағасына мән берді. Олардың басым бөлігі республикада шығарылатынын жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы сатып алушылармен әңгімелесу барысында олардың азық-түлік өнімдері мен көрсетілетін қызметтердің бағасы туралы пікірлеріне қызығушылық танытты.