Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының Габала қаласында өтетін кезекті саммитіне қатысады.
«Өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбында өтетін жиынның күн тәртібінде ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейтудің өзекті мәселелері қарастырылады.
Саясат, сауда-экономика, инновация, инвестиция, энергетика, көлік-коммуникация, гуманитарлық және өзге де басым салалардағы практикалық әріптестіктің келешегі талқыланбақ.
Делегация жетекшілері халықаралық саясаттың маңызды қырлары жөнінде де пікір алмасады.
Саммит қорытындысында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған бірқатар бірлескен шешімдер мен құжаттарды қабылдау жоспарланған.








