«Citigroup» банк, инвестиция және қаржылық қызметтер көрсетуге маманданған. Оның нарықтық капиталдандырылуы 100 миллиард АҚШ долларынан асады, ал басқаруындағы активтердің жалпы құны 2,3 триллион АҚШ долларынан көп.
Кездесу барысында корпорациямен ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.
«Citigroup» қолдауымен Өзбекстан банктері мен мемлекеттік кәсіпорындарының облигациялары халықаралық қор нарықтарында сәтті орналастырылды. Ташкент қаласында компанияның кеңсесі ашылды.
Ірі мемлекеттік кәсіпорындар бойынша IPO мәмілелерін дайындау және жүзеге асыру, еурооблигациялар шығару, елдің рейтингін көтеруге кеңес беру, сондай-ақ қаржылық шешімдер әзірлеу мен сауданы қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу саласында ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша көңіл бөлінді.
Кездесуде корпорациямен өзара тиімді серіктестікті кеңейту жөнінде «жол картасын» қабылдауға келісілді.