Мемлекет басшысы 2018 және 2022 жылдары Францияға жасаған ресми сапарлары мен 2023 жылғы Самарқанд саммитінде Франция кәсіпкерлерімен кездескен еді.
Бүгінгі форум осы ашық және конструктивті қарым-қатынастың жалғасы болды. Бұл кездесудің ерекшелігі – оған Өзбекстанның жеке компанияларының басшылары мен өкілдері де қатысты.
Іс-шараға Францияның сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтары істері жөніндегі министр-делегаты Лоран Сен-Мартен, Франция даму агенттігінің бас директоры Реми Риу, «MEDEF International» басшысы, «Orano Mining» компаниясының басқарма төрағасы Клод Имовен және екі елдің жетекші компаниялары, инвестиция және банк-молия институттарының 60-тан астам басшылары мен өкілдері қатысты.
Француз бизнесінің өкілдері арасында SUEZ, Veolia, Total, EDF, Voltalia, Orano, Meridiam, Saint-Gobain, Imerys, Natixis, Societe Generale, BPI France, Airbus, MND, Eiffage, Schneider Electric, Total Energies, Alstom, Technip Energies, Egis, ADP Group, Ellipse Projects, Assystem, ATR және басқа да компаниялар болды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Франция Президенті Эммануэль Макронмен өткен тиімді келіссөздерді жоғары бағалап, іскерлік бастамаларды қолдау және бірлескен кооперация жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Кездесудің негізгі нәтижесі ретінде Өзбекстан-Франция қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру туралы тарихи шешім қабылданды.
Екі елдің жетекші компаниялары көп қырлы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқаратындығы айтылды.
Франция кәсіпкерлеріне «Жаңа Өзбекстан» экономикасында жүзеге асырылып жатқан артқа қайтпайтын реформаларды қолдағаны үшін алғыс білдірілді.
Осы жылдың қаңтар айында «MEDEF» құрамындағы ірі компаниялар басшыларының Ташкент қаласына жасаған сапарының нәтижелері жоғары бағаланды.
Француз компанияларымен еліміздің экономикасының стратегиялық секторларында бірнеше бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.
Осы елдің инвестицияларын белсенді тарту және алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, Франция кәсіпорындарының шешімдерін, жинақталған үлкен тәжірибе мен білімдерді қолдану Өзбекстанның мүддесіне сай келеді.
Өзбекстан Президенті Франциямен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту маңыздылығын атап өтті.
Франция компанияларымен 2027 жылға дейінгі инновациялық және өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы осы мақсатты жүзеге асырады. Оған жалпы құны 6,5 миллиард еуро болатын нақты бағыттар мен жобалар енгізілген.
Бағдарламаны іске асыру аясында Францияның жетекші банк және қаржы ұйымдарын белсенді тарта отырып, бизнес бастамаларын қаржылық қолдаудың тиімді құралдарын кеңінен енгізу көзделген.
Мемлекет басшысы маңызды минералды ресурстардың перспективті кен орындарын игеру және оларды терең өңдеу, құрылыс материалдары, химия және фармацевтика салалары, электротехника өнеркәсібі, ауыл шаруашылығында заманауи өндірістерді ұйымдастыру және басқа да бағыттарды Өзбекстан-Франция іскерлік ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған перспективті бағыттар ретінде атап өтті.
Энергетика саласында энергия өндіру және сақтау қуаттарын кеңейту, Өзбекстан өңірлерінде су шаруашылығы, коммуналдық қызметтер, туризм, көлік инфрақұрылымын модернизациялау ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеуетке ие.
– Екі ел компанияларының қатысуымен жобаларды қолдау және жеделдету мақсатында үнемі жұмыс істейтін Өзбекстан-Франция инвестициялық кеңесін құруды ұсынамын. Оған Өзбекстан Премьер-Министрі жетекшілік етеді. Алғашқы кездесуді маусым айында Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында өткізуіміз мүмкін. Барлық қатысушыларды құрылатын кеңестің толық құқықты мүшесі ретінде аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде, Франция іскер топтарының өкілдері ынтымақтастықты кеңейту бойынша нақты ұсыныстар мен жоспарларын білдірді.
Мемлекет басшысы іскер топ өкілдеріне сәттілік тілеу және тиісті министрліктер мен ведомстволар басшыларына Өзбекстан Үкіметі бекітетін «жол карталары» негізінде қол жеткізілген келісімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.