
— Реті келгенде айту орынды, балабақшаларға көңіл берілмей жатыр. Тіпті қызметі тоқтаған балабақша ғимараты фермерлерге қойма ретінде берілген.

Сондықтан көпке дейін перзенттеріміз мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені алмай өсті. Бүгінгі әлеуметтік өмірде жастар арасында болып жатқан көңілсіз оқиғалар сол балабақша кезіндегі кемшіліктің нәтижелері емес пе екен, деп те ойлаймын. Шүкір, кейінгі жылдары мектепке дейінгі тәлім-тәрбиеге көңіл бөліне бастады. Осыған орай бағдарламамызда мектепке дейінгі тәлім-тәрбие жүйесін одан әрі күшейтуді ұсынамыз.