«Үргіт» еркін экономикалық аймағында орналасқан бұл кәсіпорын соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік үшін жасалған қолайлы жағдай мен сенімді инвестициялық ортаның нәтижесінде құрылған заманауи өндірістік кешен саналады.
Бастапқыда шетелден әкелінген бөлшектер негізінде бірнеше тұрмыстық техника түрін жинаумен қызметін бастаған кәсіпорын бүгінде тоңазытқыш, газ плитасы, шағын пеш, шаңсорғыш, буландырғыш және басқа тұрмыстық заттар, заманауи темір есіктер өндірісі бойынша Орталық Азияда сенімді орынға ие ірі компанияға айналды.
Мұнда «Dorsa», «Kleo», «Ferre» брендтері аясында өндірілген өнімдер «Өзбекстанда жасалған» деген таңбамен Орталық Азия елдеріне және Әзірбайжанға экспортталады. Ішкі нарықта да «Ferre» өзіндік орны бар брендке айналған. Кәсіпорынның жылдық қуаты шамамен 440 миллиард сумдық 250 мың дана өнімді құрайды, бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.
Өндіріс процесінде «Embraco», «LG», «DOW», «Midea» сияқты әлемдік жетекші компаниялардың материалдары мен бөлшектері қолданылады. Қазіргі таңда өнімдердің жергіліктендіру деңгейі шамамен 85 пайызды құрайды.
Жобаның жалпы құны 30 миллион АҚШ долларын құрап, шетелдік инвестициялар мен банк несиелері тартылған. Шамамен мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Өндірістік жабдықтар Германия, Түркия, Италия және Қытайдың ең соңғы үлгідегі технологияларын қамтиды.
Шавкат Мирзиёев осындағы өндіріс процесін бақылап, кәсіпорын басшылары және мамандарымен әңгімелесіп, халықаралық стандарттарға сәйкес өнім түрін арттыру және шетел нарығындағы орнын нығайту қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді тиімді пайдалану керектігі айтылды.
Өз брендіне негіз құрып, еліміздің даңқын әлемге танытып отырған кәсіпкерлердің әрдайым қолдау табатыны атап өтілді. Олар қосымша құн жасап, мыңдаған адамды тұрақты табысқа жеткізуде.
– Кәсіпкерді қолдамай жаңа Өзбекстанды құру мүмкін емес. Егер сіздер үздіксіз ізденіп, бірлесіп әрекет жасасаңыздар, Самарқандта кедейлік өз-өзінен жоғалады. Әрекет етсеңіздер, Өзбекстанның атын әлемге танытатын мүмкіндікке ие боласыздар, – деді Президент.
Мемлекет басшысы «Үргіт» еркін экономикалық аймағында осындай кәсіпорындарды көбейту арқылы қосымша құн жасау және жаңа жұмыс орындарын ашудың маңыздылығын атап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар Президент инвестициялық жобалармен және Самарқанд облысындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріліп жатқан өнімдердің көрмесімен танысты.
Көрмеде денсаулық сақтау, тау-кен өндірісі, құрылыс материалдары, технопарк, жібек өндірісі және металлургия бағыттарындағы жобалар таныстырылды.
Самарқанд қаласында Түркияның ірі компанияларымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде көп салалы аурухана ашу жоспарланып отыр. Бұл жобада 1 мың жаңа жұмыс орны құрылады.
«Булунғур» ауданында Қытай компаниясы медициналық препараттар өндірісін ұйымдастыру жоспарланған, бұл жобада да 1 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Сонымен қатар Қытай компаниялары «Үргіт» ауданында жібек талшығы мен матадан өнім өндіру, «Нурабад» ауданында технопарк арнайы өндіріс аймағын ұйымдастыру, Самарқанд қаласында болатты еріту үшін химиялық қоспаларды дайындау, «Пастдарғом» ауданында жылжымалы құрылыстар жасау сияқты жобаларды ұсынылды.
Барлық жобаларды уақытылы, сапалы және жедел жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.