Қашқадария облысы Шырақшы ауданының шекараларын өзгерту және Көкдала ауданын құру мәселесі талқыланды

    Урбанизация 18 Mart 2022 1942

    Сенаттың жалпы мәжілісінде Қашқадария облысы Шырақшы ауданының шекарасын өзгерту және Көкдала ауданын құру туралы мәселе қаралды.

    Мәжілісте Көкдала ауданының құрылуына себеп болған негізгі факторларға айрықша тоқталды. Комитеттің мәліметінше, Шырақшы ауданына 1926 жылы негіз қаланған, халқының саны 420 мың және жалпы жер көлемі 2,8 мың шаршы километрді құрайды. Бүгінгі таңда ауданда жалпы 2137 кәсіпорын, соның ішінде 324-і өнеркәсіп, олар 2021 жылы 7,4 миллион долларлық өнімін экспорттаған.

    Сондай-ақ, ауданда 45 мыңнан астам тәрбиеленушісі бар 230 мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесі, 93 мыңнан астам оқушысы бар 234 жалпы орта мектеп, 8 отбасылық емхана тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

    Атап өтілгеніндей, бүгінгі таңда аудан орталығынан ең шалғай ауылға дейінгі қашықтық 65-100 шақырымды құрайды, «Тошли» ауылы –100 км, “Сарсон” ауылы - 93 км және “Құрықсай” ауылы - 65 км. Бұл тұрғындардың аудан орталығына барып-қайту үшін 2-3 жолаушы көлігін пайдалануға және бір күндік уақыты кететіне себеп болуда.

    Бұдан тыс, Шырақшы ауданында 2021 жылы тұрғындардың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өнімі 1,8 миллион сумды (облыста 5,5 миллион сум), ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 8,2 миллион сумды (облыста 8,7 миллион сум), қызмет көрсету көлемі 1,8 миллион сумды (облыста 3,9 миллион сум) құрап, облыс бойынша ең соңғы орында тұр.

    Осыған сәйкес, Шырақшы ауданында жасайтын тұрғындарға әлеуметтік және тұрмыстық жағдай жасау және облыста жоспарланған өзгерістер, урбанизация үдерістерін мемлекет тарапынан реттеу, әсіресе халықты жұмыспен қамту мақсатында осы ауданның бір бөлігінде Көкдала ауданын құру және оның орталығын Еттитом қалашығы деп белгілеу көзделген.

    Шырақшы ауданында жасайтын 420 мың халықтың 176,3 мыңға жуығын, яғни 32 махаллада жасайтын бөлігін Көкдала ауданы құрамына өткізу жоспарланған.

    Сондай-ақ, Көкдала ауданының құрамына 162 өнеркәсіпорны мен 1 шағын өнеркәсіп аймағы (Айритом) беріліп, өнім өндіру көлемінің аудан өнеркәсібіндегі үлесі 151,9 миллиард сумды немесе 38 пайызды құрайды.

    «Айритом» шағын өнеркәсіп аймағының 7 гектар жеріне инженерлік- инфрақұрылымдық нысандар салынып, жаңа өндіріс орындары ашылады.

    Халықаралық маңызы бар 94 шақырымдық жолдың бойында 150 қызмет көрсету нысандары (516 жұмыс орны), Еттитом аумағынан өтетін А-378 автомагистраль жолының бойында 6 гектар жерде қызмет көрсету және сауда кешендері ұйымдастырылады. 10 гектар адырлар мен суарылмайтын егістік жерлерде тамшылатып суару технологияларымен бау-бақша мен жүзімдіктер құрылады.

    Соның нәтижесінде Көкдала ауданы құрамына өткізілетін тұрғындарға қолайлы жағдайлар жасалып және ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына қызмет етеді.

    Осы мәселе бойынша Сенаттың тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates