Қашқадарияда құны 1,8 миллион доллар болатын инвестициялық жоба жүзеге асырылады

    Өнеркәсіп 12 Fevral 2024 975

    «Узчармсаноат» бірлестігі мен оған мүше кәсіпорындар өкілдерінен құралған делегация мүшелері Түркияда іссапармен жүр.

    Тері өңдеушілеріміз жүзеге асырылған іскерлік сапарының келесі күні Измир қаласындаорналасқан былғарыны қайта өңдеу, аяқ киім кәсіпорындармен, брендтермен тиімді сұхбаттар және келіссөздер жүргізілді.

    Бастапқыда еліміздің делегациясы Измир еркін өнеркәсіп аймағында болып, ол жерде аумақтық мүмкіндіктері, жұмыс істеп тұрған былғары өнеркәсіпорындардың қызметі мен өнеркәсіп аумағына жобаларды орналастыру бойынша тәжірибесі зерделенді.

    Диалог барысында Бірлестік тарапынан Түркия тарапына еліміздің тері өнеркәсібі саласындағы жетістіктері, өндірісі, инвестициясы, экспорттық әлеуеті туралы ақпарат берілді. Кедендік, салықтық жеңілдіктер, жобаларды жүзеге асыруда шетелдік инвесторларға жасалған жағдайлар мен бөлінген преференциялар туралы тұсаукесер өткізілді.

    Делегация мүшелері «Nevzat Onay» кәсіпорнында болып, өндіріс үдерістерімен және өнімдердің үлгілерімен танысты. Премиум-класстағы аяқ киімдерді шығару және жеке брендті қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасты.

    Түркияның «EGE» жасанды былғары өндіретін кәсіпорнында өткен диалогтар барысында, жасанды былғары өндірісіндегі екіжақты ынтымақтастықтың болашағы қаралды.

    Қашқадариядағы «Хусаин» ЖШҚ мен Түркияның «Ikiler» компаниясы Өзбекстанда жалпы құны 1,8 миллион доллар болатын қой терісін қайта өңдеу бойынша жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Толығымен Түркия технологиясы негізінде жұмыс істейтін кәсіпорында Қашқадария, Сұрхандарияда өндірілген қой терісі толығымен өңделеді. Сонымен қатар дайын былғарыдан дайындалған аяқ киім және былғары аксессуарлары өндірісі жолға қойылады, деп хабарлайды «Ўзчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates