AKSA Enerji компаниясы Қашқадарияда поршеньді электр станциясын салады

    Энергия 10 Noyabr 2023 1367

    2023 жылдың 9 ноябрінде Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов пен AKSA Enerji Басқару төрағасы Жемил Казанчи арасында Инвестициялық келісімге қол қою рәсімі өтті.

    Құжатқа сәйкес, AKSA Enerji мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарттары негізінде Қашқадария облысының Нишон ауданында қуаты 400 МВт газ поршеньді электр станциясын салуға 250 миллион доллар инвестиция әкеледі.

    Компания 25 жыл жобаны іске асыру кезеңінде электр станциясын жобалаумен, қаржыландырумен, құрумен және пайдаланумен айналысады.

    Құрылыс жұмыстарының басталуы 2023 жылдың декабрь айына жоспарланған, ал электр станциясы 2024 жылдың соңында іске қосылады.

    Түрік компаниясының сапары аясында «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ мен AKSA Enerji арасында электр энергиясын сатып алу туралы келісімге қол қойылды және бұл арқылы Өзбекстан тарапы түрік инвесторынан 25 жылға кепілденген электр энергиясын сатып алады, деп хабарлайды Инвестициялар,өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін: Aksa Energy 1960 жылы негізі қаланған Kazanci холдингінің құрамына кіреді. Холдинг тек энергетика саласында ғана емес, ауыл шаруашылығы мен туризмде де жобалар әзірлейді. Сондай-ақ компания бірқатар елдерде: Түркия, Гана, Мадагаскар, Мали, Конго және Өзбекстанда электр станцияларын салуда.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates